09
ноябрь
2021
№48 жалпы орта білім беретін мектебі
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздің кітапхана қоры балаларға арналған жаңа көркем әдебиеттермен толықтырылды .Осыған орай мектеп кітапханасында «Жаңа кітап -жаңа әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмемен мектеп ұстаздары, орта буын және жоғарғы сынып оқушылары қуана танысты. Көрме соңы 20 минут кітап оқу шарасына жалғасты .
Кітапхана -дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі, кітаппен тығыз байланысты «Кітап -білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор 














