15
ноябрь
2022
Қырық Сегізінші Мектеп
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "№48 жалпы орта білім беретін мектебінде" 4 қараша күні "Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру" тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинар мақсаты: жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтік құзіреттіліктерін арттыру. Семинар барысында жас мамандармен сабақ өтудің дидактикалық, технологиялық талаптары мен негізгі компоненттері қамтылды.






