15
ноябрь
2022
Қырық Сегізінші Мектеп
Пікірсайыс – белгілі ереже бойынша қарсы тараптың өз позициясын қорғап, көпшілік алдында сөйлеуі. Ол ораторлық қабілет пен ойлау жүйесін дамытады.
Пікірсайыстың(дебат) мақсаты:
- білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыландыру.
- қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдауды үйрету
- оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары
мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік жауапкершілік, сезімдерін қалыптастыру.
Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖООдары мен мектептерде дебаттық қозғалысты жандандыру туралы пікір айтқан және де мектептерде дебаттық үйірмеге көңіл бөлінуі керектін айтқан болатын. Осы бастама бойынша біздің мектебімізде дебаттық үйірме жұмысын жүргізіп жатыр және 13.10.2022 күні Абай ауданына қарасты ✓48 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-9-10 сыныптар арасында ЖОО 4 курс студенті, дебатёр Садуақас Ардақпен кездесу өткізілді.
Пікірсайыс – белгілі ереже бойынша қарсы тараптың өз позициясын қорғап, көпшілік алдында сөйлеуі. Ол ораторлық қабілет пен ойлау жүйесін дамытады.






