Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » №48 жалпы орта білім беретін мектебі
17
октябрь
2022

№48 жалпы орта білім беретін мектебі

МЕКТЕП АСХАНАСЫ.
 №48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес 1-11 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылып, тізімдері жасалып, бұйрықтары бекітілді.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 2021 жылдың 2 желтоқсанындағы №1524 қаулысына сәйкес тегін мектеп тағамымен 1-4 сыныптан 182 оқушы және ҚР Білім және ғылым министірлігінің "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары, 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына сәйкес 1-11 сынып оқушылар арасынан 550 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылады. Екі апталық ас мәзірі бекітіліп, әр сыныптың тамақтану кестесі жасалынды.
Мектеп медбикесі Г.Розиева күнделікті тамақтың сапасын тексеріп, менюмен сәйкестігін, асхана тазалығын бақылап отырады. Күнделікті дайындалған тағам ас мәзірімен сәйкес келеді.
Ағымдағы оқу жылының 23 қыркүйегінде бракеражды комиссия мүшелерімен бірлесе отырып мектеп асханасына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінің АКТ жазылып, хаттамасы түзілді.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив