14
апрель
2022
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 12 сәуір күні мектепте құрылған тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық топ мектеп асханасына тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында балалардың тамақтануының жағдайы, тамақтану залының жалпы санитарлық жағдайы, эстетикалық безендірілуі, оқушылардың ауыз су режимін сақтауы, дайын тағамның шығуы, көрсетілген мәзірдің болуы, күнделікті мәзірдің перспективалық мәзірге сәйкестігі, асхананың жұмыс кестесін сақтауы, дайын өнімнің сапасы, тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, өткізудің және пайдаланудың болуы, тамақ қабылдауды ұйымдастыру, отыратын орындар саны, жиһаздың жағдайы, ас блогын, өнімдерді сақтау бөлмесі, қойманың жай-күйі, пайдаланылатын ыдысты өңдеу, жуу, қолдану сапасы бойынша акт жасалынды.






















