Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
14
март
2022

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2022 жылдың  03 наурыз күні  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  8 «Ә» сынып оқушыларымен сынып жетекші Ж.Орынбаевтың  ұйымдастыруымен «20 минуттық кітап оқу»  өткізілді.  Мектеп кітапханасында  оқушыларға  түрлі әдебиеттер  ұсынылды. Мектеп кітапханашылары Г.Алдабергенова мен Ғ.Тілеулиева оқушылардың  бос уақыттарын тиімді пайдалану, кітапқа деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін  арттыру  мақсатында үнемі кітапханаға келіп  тұруды  ұсынды. 
Кітапты көп оқу – ол  адамның ой-өрісін кеңейтеді, білімін жетілдіреді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу мәнерін дамытады. «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі халқының ұлы ойшылы Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда болмасын кітаптың алатын орны бөлек. Адамның кемелденуіне бірден-бір себеп болатын нәрсе ол – кітап оқу. Қаншама дамыған технологиялар шықсада, бірақ олардың ешқайсысы кітаптың орнын баса алмайтыны анық.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив