09
март
2022
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдығына орай Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мектептің, жас азаматтарын, еліміздің нағыз патриоттарын, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, дәстүрімізді ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Мамешов Ерғали және Бадамбаев Мадияр жас қырандарды құттықтап, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болуға ізгі тілектерін білдірді.











