Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
14
март
2022

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»

«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай 2022 жылдың  02 наурыз күні 11 «Ә» сынып оқушылары «Ата Заң - ар айнасы» атты  тақырыпта  ашық тәрбие сағатын өткізді.                                
Еліміздің егемендігін паш еткен айбынды Ата Заңымыз қабылданып, Ұлы дала төсіндегі тәуелсіз Қазақстанның өз көші басталған болатын. Бұл заң басқа заңдардан өзгеше еді. Ол үшін талай адам түнде ұйқысын, күндіз күлкісін қиып, көз майын тауысты. Халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрі мен таным-түсінігін ескере отырып, әлем елдерінің тәжірибелерін де назардан тыс қалдырмай, халқымыздың игілігі мен жарқын келешегін ойлап қабылданған Ата Заңымыз – еліміздің ілгері жылжып, жаһандану заманына жұтылып кетпеуінде маңызды рөл атқарып келеді.
«Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп басталатын (1-бөлім, 1-бап) Ата заңымыз, өз азаматтарын ешқашан далада қалдырмақ емес. Отанымыздың табиғатын да аялап, өсімдіктер мен жануарларын да қамқорлығына алады (1-бөлім, 6-бап).




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив