02
декабрь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылында ақша жинаудың кез келген әрекетіне қатаң тыйым салынатындығын қайта естеріңізге саламыз!
Түрлі себептермен кез келген мерекелік іс-шараларға мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, қаржылай ақша жинауға, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа да мақсаттарды көздеп ата-аналардан ақша жинауға тыйым саламыз!
Ұстаз атына кір келтірмейік. Мектебіміздің абыройын биік ұстау- мектеп ережесін орындаумен тікелей байланысты.
Сіздің кез келген сұрағыңыз үшін менің телефон номерім үнемі қосулы және сізді тыңдауға, жауап беруге әрқашан дайынмын.
Құрметпен №48 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Жанабаева Канткуль Мырзанқызы
Байланыс телефоным: 87023935980
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02uYydsQ4M4RpAcAuNHGcXTv2qnaPsqn8D7kvyufxsyGytZxFrLagj6CaSVMwCho5Kl&id=100024637128383
