17
ноябрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Құрметті ата-аналар! Құрметті ата-аналар! N48 жалпы орта білім беретін мектебінде ақша жинаудың кез-келген әрекетіне қатаң тыйым салынғанын ескертемін! Түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына, санитарлық заттарын, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынған!!!
Мереке күндеріне байланысты ата-аналардан педагогтар және сынып жетекшілер ешқандай сыйақы (гүл, ақшалай, қымбат заттар) алу жағдайына жол берген мұғалім немесе сынып жетекшіге тиісті шара қолданылатыны ескертіліп, қол қойылған.
Ақша жинау немесе басқа заттар талап етілген жағдайда мектептің фойесінде орналасқан сенім жәшігіне және сенім телефоны арқылы мектеп әкімшілігіне хабарлау қажеттілігін ата-аналарға ескертуді сынып жетекшілерге тапсырылған. Мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1424 CALL орталығы жұмыс істеп тұрғанын ата-аналарға ескертілген.
АТА-АНАЛАР!!!
Мектебіміздің абыройын биік ұстау-мектеп ережесін орындаумен тікелей байланысты! Сіздерге сенім артамыз! Жаңа Қазақстанның болашақ ұрпақтарын пара алу, сыйлық беру деген жиіркенішті ойдан аулақ болуға тәрбиелейік! Сіздердің сұрақтарыңыз үшін мектеп әкімшілігінің телефоны кез келген уақытта хабарсуларыңызға болады.
