Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
04
апрель
2025

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында наурыз айында  ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында  сабақтар өткізілді.
1.«Балалардың  қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы» 
Баяндамашы: психолог  Б.Кенжебаева 
• Балалардың назарын аударуды дамыту мәселесінің маңыздылығы мен қажеттілігі талқыланды.
• Назар  аударудың  негізгі қасиеттері  (тұрақтылығы, бөлінуі, шоғырлануы, көлемі)  түсіндірілді.
• Назар  аударуды  дамыту әдістері мен тәсілдері  ұсынылды.
• Үй  жағдайында  қолдануға  арналған  практикалық  тапсырмалар  мен ойындар  таныстырылды.
  2. 5-9  сынып:  «Балаңыз  төтенше  жағдайға  дайын ба?» 
Баяндамашы:  Сынып жетекшілер    
• Төтенше жағдайлардың ерекшеліктері мен қауіп-қатерлері түсіндірілді.
• Төтенше  жағдайлар  кезінде  нақты  шаралар  қабылдау  жолдары  айтылды.
• Баланың төтенше жағдайдағы мінез-құлқының негізгі қағидалары қарастырылды.
• Өзін-өзі  бақылау  және  сабыр  сақтау  дағдыларының   маңыздылығы  айтылды.
• Күтпеген  қауіп  кезінде адам өмірін сақтап қалу үшін іс-қимыл алгоритмдері ұсынылды.
3. 10-11 сынып:  «Жеке  қауіпсіздік  мәдениетін  қалыптастыру» 
Баяндамашы: Ә.Данаева 
• Жеке  қауіпсіздік мәдениетінің мәні мен маңызы түсіндірілді.
• Отбасында  жеке  қауіпсіздік  дағдыларын  сіңірудің  маңыздылығы талқыланды.
• Мінез-құлық  этикасын  және жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жолдары ұсынылды.
• Күнделікті   өмірде  жеке қауіпсіздік нормаларын сақтау туралы практикалық кеңестер берілді.
• Ата-аналар  жеке   қауіпсіздікке байланысты сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0282LyGWuyQtYx9h34fD4qcVq1EyuLhxRP6BPUUXyGwUZjP7kbSyD5QEjGVZUV2g68l&id=100024637128383

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив