03
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 14 ақпан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы "Әжелер мектебі" жобасы Қазақтың ұлттық ою-өрнегі - қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.Олар негізінен малгершілік,саятшылық, әдет-ғұрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру, отбасында әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Іс- шара барысында ардақты әжелеріміз балаларға құрақ-көрпе құрудың қыр-сырларын үйретіп, ою-өрнектің шығу тарихын түсіндіре отыра, құрақ-көрпе бұйымының жасалу жолын көрсетті.
Мақсаты: Түрлі қолөнер бұйымдарын жасауға үйрету, ой өрісін дамыту, еңбекке баулу, мейірімділікке тәрбиелеу
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid09yVGkwMkUYFcv8wumTxMUT8duSshZh1jYMpuuXfxjjsD4z9y9kauejzZwatzF5Lwl&id=100024637128383
