10
март
2022
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 24 ақпан күні «Әдет-ғұрып, салт-дәстүр» жобасы аясында 7 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер М.Бимбетова, Р.Дартаева, Г.Шалғынбаева, Ж.Даутбекова, Н.Оразбаеваның ұйымдастыруымен үштік одақ «Ата-ана-мектеп-оқушы» ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Әке өсиеті, ана өсиеті» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараны өткізу мақсаты жан – жақты дамыған, елін сүйер, патриот ұл – қыз тәрбиелеудегі отбасы мүшелерінің ролін, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған баға жетпес қазынасы – бабалардың өсиет сөздерін ұғындыру, отбасылық тәрбиеде әке ролінің орнын дәріптеу, батыл да ойлы, ақылды да арлы, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу. Іс-шараға 7 сынып оқушыларының ата-аналары белсенділік танытып, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

















