03
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "N48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 27.01-07.02 күндері аралығында жоспарланған “Әрбір бала жанып тұрған шамшырақ!” тақырыбында бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің ашылуы болды.
Мақсаты: Оқушыларды шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, жасампаздыққа, білімді болуға тәрбиелеу;
Пәндер бойынша алған білімдерін өмірде қолдана білу, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру;
Ұлттық тәрбие құндылықтарын бойларына сіңіру;
Апталықтың ашылуында мектеп директоры К.М. Жанабаева жылы лебіздерін білдіріп, алдағы өтетін ашық сабақтар мен іс- шараларға сәттілік тіледі.
Апталықта бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0ZQHDcXmfFSuVRzYn1NTgXc5AuJbmmVM8jrnQZUaQPmXV1dyzLYacpD2PkRM3rn8tl&id=100024637128383