01
апрель
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
«Ұлы күні Ұлыстың –басы болсын ырыстың»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұлы күні Ұлыстың –басы болсын ырыстың» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жас жеткіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау; қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейірімділікке тәрбиелеу, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрімен, ұлттық құндылықтармен кеңірек таныстыру; әртүрлі ұлттық ойындар арқылы жас жеткіншектердің тұлғалық қабілеттерін дамыту.
Көктемнің жарқын мерекесі – ағаш бүршіктеп, төрт түлік мал төлдейтін, аң-құстың тұқымы өрбіп, ұлы табиғат жаңаратын жыл басы. Халықтың ежелгі наным-сенімі бойынша бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне ерекше сезім, қасиет, қуат нұры құйылады. Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік арта түседі. Жер-жерде әр ұлттың отауы тігіліп, ұлттық киімдері киілсе, ойындары ойналса, жастардың мерекені тойлауға деген қызығушылығы артатын болса, осы ортақ мереке арқылы еліміздің бір екендігін санасынан өткізуге ықпалын тигізеді.