20
апрель
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 17-20 сәуір күндері «Туған өлкем» фестивалі аясында 1-11 сынып оқушыларымен «Қазақстан - туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
















