19
февраль
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер-естелігі ерліктің,
Ұрпақтары- бұтақтары,
Ұмытылмас мәңгі естен...
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 16 ақпан күні
«Ауғанның асуында от кешкендер» атты тақырыпта ауған соғысы ардагері Мендикулов Сүндет Сундебайұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты оқушыларды Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардын бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын елін қорғай білуге тәрбиелеу. 




























