Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
31
январь
2024

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 30 қаңтар күні  8-11 сынып қыздарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс күн тәртібінде: 
 1. «Қыз- болашақ ана» баяндамашы   С.Тастемір
2. «Ерте жүктіліктің ертеңі» тақырыбында қыздарға арналған  кеңес.   Медбике Г.Розиева  
3. «Оқушылар  арасындағы  ұлтаралық  достық»  баяндама  Б.Кенжебаева
Мектеп психологы С.Тастемір   «Қыз болашық ана»    тақырыбындағы   слайд  баяндамамен   таныстырды. Өз баяндамасында өнегілі тәрбиелі қыз бала қандай болу керектігі және қыз өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім тәрбие алатын қасиетті ұясы екендігін түсіндірді.Қыздар тәрбиесіне  арналған кеңестер берілді. Оқушы қыздардың тәртібі, кемелет жасына толмаған оқушылар арасындағы құқыбұзышылықтар туралы ескертіп, мысалдар келтіріп түсіндіріп өтті. 
«Ерте жүктіліктің ертеңі» тақырыбында мектеп медбикесі Г.Розиева   оқушы қыздар арасында ерте жүкті болу, қыз бала болашағына, денсаулығына зиян екендігін, ерте жүктілікте құқықбұзушылыққа жататыны туралы айтып слайд көрсетіп кең түрде түсінік берді. Қазіргі қоғамдағы қыздар арасындағы жат қылықтар туралы және оқушы қыздар арасында 13-18 жас аралығында ерте жүктілік көп кездесіп жатқандығын, кешкі жақын көшеде сағат 22-00- ден кейін шықпау және туылған күндерді өткізбеу, қыз бала туысқандар болса да үйіне қонбау керектігі ескертіліп айтылды. 
  Мектеп психологы Б.Кенжебаева   «Қазақстан бірлікпен татулықтың мекені» тақырыбында баяндама оқып бұл баяндаманың мақсаты мен таныстырып өтті. Қазақстанда 130 дан аса ұлт өкілдері тұратыны және ұлттар арасында достық қарыма қатынаста болу керектігі қатаң түрде ескертіліп айтылды. Біз Қазақстан елінің азаматары, өз Отанымызды, жерімізді сүйетінімізді өз әрекеттеріміз арқылы көрсете білу керекпіз. Әр бір Қазақстан азаматы қандай ұлт өкілі болсын Қазақстан рәміздерін құрметтеуге, жерін сүюге, әрбір адамды қадірлеуге міндетті екендігі туралы түсінік беріп өтті. 





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив