29
январь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «N48 Жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 29 қаңтар күні Химия, Биология, Физика пәндерінің бірлестігі «Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында апталықтың ашылуын өткізді. Мектеп фойесі безендіріліп, апталықтың жоспары таныстырылды. 8-сынып оқушылары апталықты «Химиялық эксперименттер» жүргізумен бастады. Панел тақтада «Миллион кімге бұйырады?» атты Химия, Биология, Физика пәндерінен ойын ойнатылды.«Зонтик» әдісі арқылы сұрақ- жауап ойындары ойнатылып, оқушылар белсене қатысты. 





































