12
декабрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 07 желтоқсан күні Бастауыш бірлестігінің онкүндігінде 2 "А" сынып жетекшісі Ходжамкулова Кулайхан ұстазымыз қазақ тілі пәнінен " Лепті сөйлем " тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңін "Біз бақытты баламыз" өлеңі арқылы психологиялық дайындықпен бастады.
"Алдаркөсе" кейіпкерін алып асықтағы сөйлемдерді оқып, топқа бөлді. "Аппақ қар" әдісі арқылы өткен сабақты пысықтап өтті. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс болды. Сабақты дүниетану пәнімен байланыстырып өтті.Тапсырмаларды орындай отырып аққала құрды. Рефлексия кезеңінде Аққала суретіне Не айттым? Не көрдім? Не ұқтым? Не естідім? смайликтер арқылы кері байланыс жасады.