16
май
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылғы 05 мамыр күні «Мейірім -жүректен» атты айлық жоспарына сәйкес ата-аналардың қатысуымен «Мейірімділікті өзіңнен баста!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты әр сыныпқа ата-аналар шақырылып, мейірімділік тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Өзіңді-өзің тәрбиелеу оңай дүние емес екені бәрімізге мәлім. Алайда, адам баласы кез-келген затты және іс-әрекетті өзіңнен бастау керек екені анық. Адам болған соң қоғам болады. Қоғамда әртүрлі адамдар да болады. Сол себепті барлық зат біз ойлағандай бола бермейді. Өмірде жақсы–жаман бірге жүреді соны ескере отырып, өзіміздің жүрген ортамызды табу яғни адам баласына сен жүретін ортаның да әсері қоғамның да әсері зор. Сондықтан да адам бірінші өзінен бастау керек.











