Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
08
декабрь
2023

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде   2023 жылдың 27 қараша  күні  «Даналық мектебі» жобасының  «Жеңгелер мектебін»  насихаттау мақсатында  «Сырласайық, жеңеше» атты қыз бен жеңге арасындағы жоғарғы сынып оқушыларына арналған сырласу  өтті. Мақсаты:Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Әрбір  қыз бала бойжетіп, ата – анасының жанында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа үйге келін болып түсуі – өмір заңдылығы. Әсіресе, қызға анасы немесе жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайлығы, әсемдік, жинақтылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылық туралы үйретуге күш салады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив