17
ноябрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Мектеп әкімшілігіне және ӘБ жетекшілеріне кеңсе тауарлары мектеп тарапынан таратылды
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты " №48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттен бөлінген қаражатқа шаруашылық заттар мен кеңсе тауарлары мектеп тарапынан таратылды. Осы оқу жылында оқушылар үшін футбол, баскетбол, волейбол доптары және домбыралар, тоғызқумалақтар сатып алынды. Сонымен қатар А4 форматтағы қағаздар, қалам, қарындаш, сұйық желім (клей) т.б. кеңсе заттары мен қажетті заттар пайдалануға берілді. 
















