Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
17
ноябрь
2023

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Шымкент қаласына қарасты қалалық білім басқармасының басшысы Ж.А. Тажиеваның басшылығымен 12.09.2023 жылы ЗУМ арқылы қала мектептерінің 9,10, 11-сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.  №48 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары мен Акт залына жиналды. Жиналыс барысында басқарма басшысы қала мектептері бойынша білім сапасына арнайы тоқталып өтті. Жасөспірімдер арасында орын алған құқықбұзушылық оқиғаларын айта келе, отырған жас буынның арасында құқықбұзушылықтың оқиғаларын айта келе,  жұмыста жүйелі жүргізілу керектігі және оның алдын алудын бірден-бір жолы -балалардың мектептен тыс уақытта қосымша білім алуы, спорттық түрлі үйірмелерге  қатысуы керек екендігі басты назарда болу керектігін ескертті. Жас  буын туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар екенін, ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай  білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну үшін білімді, оқыған, тәрбиелі ұрпақ болып өсулері керектігін айтып, жаңа оқу жылымен оқушыларды шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив