20
апрель
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 01 сәуір күні «Сыбайлас жемқорлықпен күресу-сенің азаматтық борышың» атты тақырыпта мектеп ұжымымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі..