16
май
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 05 мамыр күні 7-9 мамыр- Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне арналған " Ұлы жеңіс жолында" атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылардың адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, ұстаздарға арнап ән шырқап, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп директоры Каныткуль Жанабаева Мырзанқызы ұжымды мерекемен құттықтай отырып, тәжірибесі жоғары мұғалімдерді алғыс хаттармен марапаттап өтті.


























