05
сентябрь
2022
№48 жалпы орта білім беретін мектебі
м

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта
білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың, түрлі келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Заң және жасөспірім» тақырыбында ЮПТ инспекторы полиция мойоры Алтынбеков Ғани Ануарбековичпен кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп директоры К.М.Жанабаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Е.С.Мамешов пен М.А.Бадамбаев, АӘД жетекшісі И.Рисбеков қатысты. Кездесу барысында қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Аталмыш кездесуде жасөспірімдерге қоғамда, мектепте т.с.с. басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімнің тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.