15
ноябрь
2022
Қырық Сегізінші Мектеп
Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі №1938 шығыс хатына сәйкес «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» бағдарламасы аясында жасөспірімдерді әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан армиясының оң имиджін және әскери-патриоттық бағыттың бейнесін ілгерілету» тақырыбында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 26 қазан күні «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында ағашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Рисбеков Иса Камалұлы 10-11 сынып оқушыларымен әскери-патриоттық ерлік сабағын өткізді. Ерлік сабағына «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Онбаев Серікбай қатысып, оқушыларды патриоттық, ерлік туралы жалынды сөздермен рухтандырып, өз елінің,Отанының нағыз патриоты, азаматы болуға шақырды.











