10
ноябрь
2021
«Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс турнирі
Шымкен қаласы білім басқармасына қарасты №51 жалпы орта білім беретін мектебінде Абай ауданына қарасты мектептері арасында қазан айының 09 күні «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге №48 жалпы орта білім беретін мектебінен «Азамат» дебат клуб мүшелері қатысты. «Азамат» дебат клубының мүшесі Қалыбай Ұлпан дебаттан алған әсерімен бөлісті.
«Қажетсіз дүниеден арылуды. Ойын барысында қажетсіз, артық ақпаратты айтсаң жеңіліп қаласың. Дебат алдында артық дүниелерді ойлап бас қатырмау керектігіне тағы да көзім жетті! Уақытында жалқаулықты жеңіп өз ісіңе машықтану. Адам көбірек дағдыланған сайын, жолы болғыш болатынын байқадым. Бұл ешқандай кездейсоқтық емес. Жолы болғыш адам ол еңбекқор адам! Бұл дебат маған жақсы орта сыйлады. Өзіңді қолдайтын, өмірге деген көзқарасы өзіңе ұқсайтын ортаңның болуы мен үшін өмірдегі ең маңызды дүниенің бірі. Дебаттан соң мен өзіме дәл сондай орта таптым!




