17
октябрь
2022
№48 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде биылғы 2022-2023 оқу жылында мектеп кітапханаларының сөресі жаңа көркем әдебиеттермен толықтырылды.Көркем әдебиеттерінің ішінде қазақтың классик ақын жазушыларының, шет ел жазушыларының, поэзияның жаңа туындылары бар. Бүгін 5"Ә" сыныбы оқушыларының қатысуымен "МЕН ТАҢДАҒАН БІР ӨЛЕҢ" атты поэзия сағаты өтті. Сынып жетекшісі М.Бимбетова оқушыларға ұлы ақын Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің мән мағынасын түсіндіре отырып, Абайдың ойшыл екенін, жаман қылықтардан аулақ болып, жақсылыққа жаны құмар болуына шақырғаны жайлы айтып өтті.








