20
октябрь
2021
№48 жалпы орта білім беретін мектебі
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Азамат» дебат клубының мүшелері «Баланың жақсы не жаман болуына қоғам кінәлі ме, ата-ана кінәлі ме?» тақырыбында дебат өткізді. Дебат барысында оқушылар баланың жақсы не жаман болуына қоғам не ата-ана кінәлі ме деген тақырыпта ой қозғады.
Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделi процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иiлуге қандай икем болса, бала да тәрбиенi қабылдауға сондай бейiм. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. “Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе” – деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған.







