17
октябрь
2022
№48 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-7 сынып оқушыларының арасында ұлдар жиналысы ұйымдастырылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бадамбаев пен дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Байсейітов жасөспірімдерді мектепішілік ережелермен таныстырып, ұл балдардың сабаққа қатысуы, мектеп формасын сақтап, сабақ уақыты аяқталған соң оқушылардың бей-берекет жүрмей тіке үйлеріне қайту керектігі, сабаққа кешікпей келіп, мектеп ережелерін сақтау керектігі түсіндірілді.






