17
октябрь
2022
№48 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құқықбұзушылық пен әлімжеттіктің алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларының арасында ұлдар жиналысы ұйымдастырылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Мамешов жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттікті болдырмау, ұл балдардың сабаққа қатысуы, мектеп формасын сақтап, сабақ уақыты аяқталған соң оқушылардың бей-берекет жүрмей тіке үйлеріне қайту керектігі, сабаққа кешікпей келіп, мектеп ережелерін сақтау керектігі түсіндірілді.






