13
апрель
2022
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 06 сәуір күні Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция мойоры Бектемисова Гулвира Тулепбергеновна мен полиция капитаны Маймақова Перизат Турганалиевна 8-11 сынып оқушыларына «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР заңды іске асыру барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу,оны жою, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені таныстыру, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және заңгерлік консультация беру, сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыс орталықтарының бар екені туралы баяндалды.






