№ 48 жалпы орта білім беретін мектебі
22 жылғы 18 қараша күні мектебімізде 1-4 сынып аралығындағы оқушыларға "Менің отбасым" атты тақырыптық сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты- балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу. Шығармашылыққа баулу, өнерге деген қызығушылығын ояту.Өсіп келе жатқан ұрпаққа отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеп суретін салу, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.