12
январь
2023
№ 48 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта
білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары күзгі каникул кезінде уақыттарын тиімді пайдалану барысында Респуликалық "GOLDEN ARTS FESTIVAL" өнер байқауына қатысып жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ, ағайынды 4"Ә" сынып оқушысы Жексенбек Інжу би өнерінен 1-орын алса, 5"Ә" сынып оқушысы Жексенбек Арнұр Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындап, 2-орын дәрежесіндегі диплом иегері атанды. Мектеп директоры К.М.Жанабаева мектебіміздің өнерлі оқушылары биік белестерді бағындырып, өнерлері өрге жүзіп, Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атана берсін деп өз лебізін білдірді.




