17
апрель
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім білім басқармасына қарасты «N48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 08 сәуір күні "Дені сау ұрпақ -жарқын болашақ "атты дене шынықтыру бірлестігінің ашылуы болды.Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын қалыптастыру ,спортпен шұғылданған адамның денсаулығы әрқашан мықты болатындығын түсіндіру және спорт жақсы оқуға ,жемісті еңбек етуге ,өнерлі болуға ,ынта жігерді арттырып ,төзімділікке тәрбиелеу үшін керек екендігін білдіру мақсатында өткізілген іс -шараға мектеп оқушылары белсене қатысты .Мектеп басшысының апталықты ашып беруінен кейін оқушылардың денсаулық ,спорт жайындағы билері биленіп ,әндері шырқалып ,жыр -шумақтары тыңдалды.Әрі қарай әр түрлі ептілікті ,жылдамдықты қажет ететін қызықты ойындар ойналды және ұлттық ойындардан көрінәстер көрсетілді .Атап айтар болсақ ,қыз қуу,көкпар ,аударыспақ ойындарын мұғалімдер мен оқушылар қызыға тамашалады.
Мектебіміздің қалалық ,аудандық ,обылстық ,республикалық жарыстардан жүлделі орын алған спортшы оқушыларды марапаттаған мектеп директоры барша ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық ізденістер мен жеңісті күндер тіледі.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02mkPdWQ9u5De1HwxYAyiJuRRAwVASCSPzM5QgAcVbvRZETuz94fafNXaAUxWpBxq4l&id=100024637128383