02
апрель
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау үшін өтініштер қабылданады және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар келесі құжаттарды ұсынумен қабылданады:
Өтінішпен бірге №65у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама.
Өлшем 3х4 см баланың суреті (2 дана);
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әкімшілігі
