15
февраль
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 08 ақпан күні
5-11 сынып оқушыларымен «Су тасқыны, су басулар мен су жайылулар жағдайындағы іс қимылдар» тақырыбында дәріс өткізілді. Мақсаты: Су тасқыны туралы түсінік беру, одан қорғану, көмек беру жолдарын меңгерту. Жер бетіндегі және жер астындағы суды тиімді пайдалануға, суды ластамай, қорғауға баулу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, сабырлылыққа, батылдыққа тәрбиелеу.










