16
май
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылғы 12 мамыр күні сағат 11:00-де жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқушылар дабылды ести сала ғимараттан шығып, қауіпсіз жерге жиналды. Әрбір сынып жетекші алғашқы әскери дайындық жетекшісіне сыртқа шығарылған оқушылар туралы мәлімет берді. Алғашқы әскери жетекші мектеп директорына оқушылар мен мұғалімдердің толық қауіпсіз жерге шығарылғанын мәлімдеді.





