20
апрель
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 05 сәуір күні ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Тұран аудандық полиция басқармасының полиция капитаны Абдирахманов Музафар Хикматуллаевич қатысты. Жиналыс барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің кешкі уакытта жарапазан айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, яғни бағдаршам алдында, кафелерде, мейрамханаларда, үй тыныштығын бұзу фактілері орын алып жатқанын ескертіп, заңды өкілінсіз кешкі уақытта кафеде, ойынханаларда жүрген жағдайда заңды өкілдеріне айыппұл салуға әкеп соғатынын, өз балаңыздың (қызыңыздың) кешкі мезгілде үйде болуын қадағалап отыруды ескертті. Ата-аналарға баласына жауапкершілікті арттыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.








