15
ноябрь
2022
Қырық Сегізінші Мектеп
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта
білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 18 қазан күні мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогтары Л.Бекжанова мен Ж.Дауытбекованың ұйымдастыруымен 9,11 бітіруші сынып оқушыларымен бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға кәсіптік бағдар дегеніміз не екендігі, мамандық таңдауда көпшілік түлектердің жіберетін қателіктері, мамандық таңдағаннан кейін не істеу қажет екендігі түсіндірілді.
Мектеп психологтары кәсіби бағдарлау бойынша психологиялық ойын-жаттығу жүргізді.






