17
октябрь
2022
№48 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 11 қазан күні «Құқықтық сана-қауымға пана» жобасы аясында оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қылмыссыз әлем» онкүндігі барысында 8-11 сынып оқушыларымен құқық қорғау орган қызметкерлерінің қатысуымен "Заң-Оқушы-Қоғам" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.








