Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » №48 жалпы орта білім беретін мектебі
05
сентябрь
2022

№48 жалпы орта білім беретін мектебі

Қадірлі ұстаздар, ата -аналар! 
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке - Білім күнімен құттықтаймын!   Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық азаматтарының басын біріктіреді. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріміздің талабы оң, қадамдары құт  болсын!  
Бүгінгі оқушы білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, көкірегі ояу, халқымыздың рухани адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген тұлға болуы керек.  Осы қасиеттерді бала бойына сіңіруде ата ананың қолдауы өте маңызды. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды шарт. Білім бәсекесі артқан заманда бірлесіп жасаған жұмысымыздың жемісін көрейік! 
Құрметті ұстаздар! Жас ұрпақтың бойына сіңірген еңбектеріңіздің жемісін көріп, шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!
   Құрметпен №48 ЖОББМ директоры 
 Каныткуль Мырзанқызы Жанабаева


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив