Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » №48 жалпы орта білім беретін мектебі
05
сентябрь
2022

№48 жалпы орта білім беретін мектебі

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты #48 жалпы орта білім беретін мектебінде 29.08.2022ж күні Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
 1. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы (білім сапасы,материалдық жағдай, қауіпсіздік)
 2. 2022-2023 оқу жылында оқушыларға берілген бір реттік көмекке мұқтаж отбасы балаларына берілген жәрдем туралы. 
3. 2022-2023 оқу жылына мектеп формасына қойылатын талаптар.
4. Әр түрлі мәселелер. 
        Мектеп директоры Каныткуль Мырзанқызы Жанабаева сөз алып,  Қамқоршылық кеңесінің құрамымен танысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша есеп берді. Бірінші кезекте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп бейне камералармен, күзетпен, дабыл батырмасымен, турникеттермен қамтамасыз етілгенін, материалдық жағдайдың (компьютерлер, интербелсенді тақталар, физика, химия, биология кабинеттері) жабдықталғанын, мектеп формасының түсі қою көк  болатынын баяндады.  
     Әлеуметтік педагог С. Тастемір  бір реттік көмекке мұқтаж отбасыларына берілген 37389 теңге көлемінде 550  оқушыға ата- анасының жеке есепшоттарына аударылғанын айтты.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив