№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 23 ақпан күні «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші, жігіттерді жан-жақтылыққа баулу.