Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
04
апрель
2025

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі)
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы    «Наурызнама»  онкүндігі  аясында  
 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) іс-шарасы ұйымдастырылды. 
14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал  мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық  өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын  ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ  пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив