12
декабрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
"№48 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Бастауышым балбұлағым" онкүндігінің жоспарына сәйкес Ахан Кенжегүл 2 "Ә" сыныпта, Маханбетова Жазира 2 "Б" сыныпта "Табиғат пен адам. Лепті сөйлем" тақырыбында ашық сабақтарын өтті. Мұғалімдер сабақта бірнеше әдістерді тиімді қолдана білді. Оқушылар топтарға бөлініп, жұптық, топтық, жеке жұмыстарды қызыға орындады. Сабақ өз мақсатына жетті. Мұғалімдерімізге шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейміз!












